Назарбаевтың екі бірдей күйеубаласы қызметтен кетті

Ulysmedia

Қайрат Шәріпбаев пен Димаш Досанов қызметтен кетті деп хабарлайды, ulysmedia.kz

Коллаж: ulysmedia.kz

Ербол Еділовтың телеграм арнасы және басқа ба БАҚ дереккөзге сілтеме жасап Қайрат Шәріпбаев пен Димаш Досановтың қызметтен кеткенін жазып жатыр.

Қайрат Шәріпбаев 2020 жылдың қараша айынан бастап «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болса, Димаш Досанов «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы), Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Шәріпбаев Дариға Назарбаеваның күйеуі, Досанов Әлияның жолдасы.

Екі компания да бұл ауы-түйіс жайлы ресми хабар таратпады.

Көп өтпей бұл ақпаратты Самұрық-қазына қорының баспасөз қызметі растады.

««QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы шешіміне сәйкес, ҚК. Шәріпбаев берген өтінішіне сәйкес, «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағалығынан босатылды. «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы шешіміне сәйкес Д.Г.Досановтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды” , – делінген қордың хабарламасында.