Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ақорда мәліметінше, президент Цифрлық кодекске ресми түрде қол қойған.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаттары Цифрлық кодексті мақұлдаған болатын. Құжат түпкілікті күшіне енген соң, қазақстандықтардың интернетпен, криптоиндустриямен және басқа да цифрлық технологиялармен байланысты барлық қарым-қатынасын реттейді.
Сонымен қатар, құжаттың маңыздылығын мойындай отырып, оны әзірлеген депутаттардың өзі Кодекс кейбір өзекті мәселелерді толық қамтымайтынын да айтқан.