ІІМ «конструктор» көліктерді заңдастырудың шартын атады

Ulysmedia

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов «конструктор» көліктер қалай заңдастырылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

inbusiness.kz

«2014 жылы жол ережесі туралы заңға өзгерістер енгізілді. Сол жерде Қазақстанда ондай автокөліктердің жүруіне тыйым салынған. 2015 жылы Еуразия экономикалық одағы аясында да осындай автокөліктер қозғалысына тыйым салынды. Бірақ Президенттің тапсырмасы болғасын оны заңдастырып береміз. Бірақ оны ертең басқа біреуге сатуға тыйым саламыз», - деді министр Үкімет кулуарында.

Ахметжановтың сөзінше, елімізде 1,5 мың “конструктор” көлік бар.Олардың бәрін бірдей заңдастырылмайды.

«Олардың жол қауіпсіздігіне техникалық сертификатын қараймыз. Егер қауіпсіз болса, заңдастырып береміз», - деді ІІМ басшысы.

Еске салсақ, бұдан бұрын Әкімшілік полиция комитеті «Ашық» НҚА порталында Қазақстанға бөлшектеп әкелініп, құрастырылған көліктерді заңдастыруға рұқсат берілетіні жайлы Үкімет қаулысын жариялаған.