Премьер-министрдің кандидатурасын Amanat партиясы ұсынады

Айнель Аянова

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің VIII шақырылымының бірінші сессиясында мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда

Президент ел үкіметі басшысының кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия ұсынады – жауапкепшілік те сол партияда.

«Мен премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі», - деді мемлекет басшысы.

Айта кетсек, 19 наурызда өткен сайлау  қорытындысына сәйкес, AMANAT сайлаушылардың 53,9% дауысын жинап, 40 депутаттық мандатқа ие болды.

Еске салайық, бұдан бұрын Ulysmedia.kz дереккөзі Әлихан Смайылов өз орнында қалатынын хабарлаған.