Тоқаевтың баспасөз хатшысы тағайындалды

Айнель Аянова

Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда

Нұрмұхамед Байғараев – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2017 жылы Ұлыбританияның Ланкастер университетінде білім алған (MSc of Project Management).

Ол бірқатар баспасөз басылымдары мен электронды БАҚ-та жұмыс істеген, «Aiqyn» газетінде бас редактор, «Егемен Қазақстан» газетінде бас редактордың орынбасары болды.

Әр жылдары «Хабар», «Qazaqstan» телеарналарында продюсер, сценарист және жүргізуші ретінде еңбек етті. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ сараптама және стратегиялық даму департаментінің директоры және «Қазақ радиолары» ЖШС бас директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды.