Ulysmedia порталының бұл жолғы қонағы – саясаттанушы Бақытжан Бұқарбай. Баспа ісімен, ел игілігі үшін атқарған басқа да ісімен танымал саясаттанушымен бір сағаттан артық әңгімелестік. Хан Кенеге сыйға тартылған Құранның табылуы, Алаш демократиясы, Қаңтардан кейінгі өзгерістер және қазақ тілі мәселесі жөнінде саясаттанушы ойын ортаға салды.
Бақытжан Бұқарбай қоғамда болып жатқан жаңалықтарға әлеуметтік желіде пікірін білдіріп, белсенділік танытып отыратын азамат. Ол не себепті қазақ менталитетіне демократия ғана сай деп есептейді? Алаш демократиясы жөнінде не дейді? Тыңдар құлаққа қонағымыздың айтары бар екен.