Westoil Software ЖШС заңсыз ереуілді тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, қазір компания жұмысқа орналасу кезегіне тұрған жұмыссыз азаматтар арасында әңгімелесу жүргізіп жатыр. Бүгінгі күні 20 адам әңгімелесудің барлық кезеңінен өтіп, сот шешімімен жұмыстан шығарылған заңсыз ереуілге қатысушылардың орнын басып, жұмысқа кірісіп жатыр. Алдағы уақытта заңсыз ереуілді тоқтатқысы келмеген бұрынғы жұмысшылардың барлығы біртіндеп ауыстырылатын болады, - деп хабарлады компания.
Компания еңбек жағдайын жақсартып, құрал-жабдықтарды жаңартуға уәде беруіп отыр.
Ақылға келіп, заңсыз ереуілді тоқтатуға шақырамыз. Кәсіпорын өз тарапынан еңбек жағдайын жақсартуды, құрал-жабдықтарды жаңартуды және жылы автомобиль бокстарын салуды өз міндетіне алады, - деп мәлімдеді компания.
Не болып еді
West Oil Software қызметкерлері 2023 жылдың 11 желтоқсанынан бастап ереуілге шыққан еді. Олар өздерін «ҚазМұнайГазға» қосуды, сондай-ақ оларға бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесін енгізуді және материалдық-техникалық базаны жаңартуды талап етеді.
Ереуілде жүрген жүздеген қызметкер ереуілге қатысушыларға қысымды тоқтатуды талап етіп, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Маңғыстау облысындағы жұмысшылардың ереуіліне қатысты сұрақтарға жауап берді.
Бұған дейін комиссия облысқа келіп, мән-жайды анықтаған болатын. Талаптар бойынша біз ҚМГ акционерлерін шақырдық және директорлар кеңесі деңгейінде техниканы ауыстыру туралы шешім қабылдадық. ҚМГ-да жұмысқа орналасу мәселесіне келетін болсақ, бұған дейін осы қызметкерлердің көпшілігі арнайы механизм бойынша мердігер ұйымға өз еркімен жұмысқа ауыстырылған еді. Бұл мәселе азаматтық-құқықтық қатынастарға байланысты туындауда, - деді ол.
Кейін компания жұмысшылардың ереуілі едәуір шығынға ұшыратқанын мәлімдеді.
2024 жылдың 24 қаңтарында Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқаларының қаулысымен Қарақия аудандық сотының шешімі өзгеріссіз қалды. Маңғыстау облыстық сотының қаулысы жария етілген сәттен бастап заңды күшіне енді. Осыған орай біз қайталап сіздерді заңсыз ереуілді тоқтатып, 24 ақпанға дейін жұмыс орындарыңызға шығуға шақырамыз. Олай болмаған жағдайда, біз заңсыз ереуілге қатысушылардың барлығымен еңбек шартын бұзуға мәжбүр боламыз, оған толық негіз бар. Сіздің заңсыз әрекеттеріңіз компанияны бүгінгі күнге дейін 900 000 000 миллион теңгеден астам шығынға ұшыратты. Сонымен қатар, тапсырыс беруші Westoil Software ЖШС-не өзіне қабылдаған шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін және тапсырыс берушіге тәулігіне 23 000 000 теңгеге дейін шығын келтіру туралы сотқа дейінгі шағымдар қойылды, бұл күн сайын артып келеді, – делінген компанияның хабарламасында.
Сондай-ақ Маңғыстау облысы Жетібай ауылының жұмыссыз тұрғындарынан Westoil Software компаниясының қысқартылған жұмысшыларының орнына жұмыс беруді талап еткен үндеуі тарады.
Біз, Жетібай ауылының жұмыссыз тұрғындарын Westoil Software компаниясындағы бос орындарға жұмысқа орналастыруды талап етеміз, - делінген үндеуде.