Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) сарапшылары әлемдегі дұрыс тамақтануға мүмкіндігі жоқ адамдар санын есептеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БҰҰ жаңалықтар орталығының жазуынша, дүниежүзінде 3 миллиардтан астам адам ашқұрсақ жүреді.
Мамандардың өзінше, дұрыс тамақтану, салауатты диета ағзаға жеткілікті калорияны қамтамасыз етеді. Азық-түлік ұйымының құнарлы азық-түлік себеті тәулігіне 2330 ккал және арзан, жергілікті өнімдерден тұратын алты санаттағы азық-түліктерге негізделген: 1) дәнді дақылдар, макарон өнімдері және картоп, 2) көкөністер, 3) жемістер, 4) жануарлар өнімдері, 5) бұршақ, жаңғақтар, 6) әртүрлі майлар.
Азияда «азық-түлік кедейлігі» шегінен төмен адамдар саны 78 миллионға жетті. Бұған аймақта құнарлы азық-түлік себетінің құны бір жылда 4 пайызға қымбаттауы себеп.
Ұйым мәліметінше, дұрыс тамақтану Латын Америкасы мен Кариб теңізі аймағында ең қымбат – күніне 3,89 доллар. Одан кейін Азия - күніне 3,72 доллар, Африка-күніне 3,46 доллар, Солтүстік Америка мен Еуропа – күніне 3,19 доллар, Океания – 3,07 доллар. Африканың 12 елінде халықтың 90 пайыздан астамы толық тамақтануға мүмкіндігі жоқ.
Посткеңестік елдерге келсек, дұрыс тамақтану құны Әзербайжанда күніне 2,53 доллар, Арменияда – 3,25 доллар, Беларустьта– 3,31 доллар, Қазақстанда – 2,66 доллар, Қырғызстанда – 3,18 доллар, Молдовада – 2,81 доллар, Ресейде – 3,42 доллар, Тәжікстанда – 3,48 долларды құрайды.
Айта кетейік, Қазақстанда бір жыл ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 26,2%-ға өсті.
Бұдан бұрын Қазақстанның қай өңірлерінде азық-түлік күрт қымбаттағанын жазғанбыз.
Сондай-ақ, өткен жылы халықтың нақты ақшалай табысы қаншалықты азайғанын есептеп көрдік.