Есімім - Астана: елорданың атын арқалаған азаматтар саны қанша

Сырым Қаржас

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Әлеуметтік желіден

Қазақстанда Астана есімді 24 адам тұрады. Бұл есімді адамдардың басым бөлігі ерлер - 17 адам.

Мұндай есімі бар қазақстандықтарды Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларында кездестіруге болады.

Сондай-ақ Астана атауын қамтитын өзге де есімдер бар. Бұлар - Астанабек, Астанадин, Астанай, Астанақұл, Астанали, Астанахан, Астанат, Ерастанахан, Нұрастана, Саммидастана, Элин Астана, Ару-Астана.