9 айда 28 адам өлді. Астанада жол апаты көбейген

Әлихан Асқақ

Елорда да жол-көлік оқиғаларының саны екі есеге өскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

МӘН-ЖАЙЫ

Жол-көлік оқиғаларының салдарынан 1 383 адам жарақат алып, 28 адам қайтыс болса, оның 3-і кәмелетке толмаған бала. Бағдаршамдардың, жол белгілерінің, жарықтың болмауы және т.б. бірқатар кемшіліктер анықталды. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жаяу жүргіншілердің жолдан өту ережелерін бұзуы, бағдаршамның тыйым салу сигналының талаптарын орындамауы, қашықтықты сақтамау, жолдың қарсы бағытына шығу – делінген Астана қаласы прокуратурасы таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар, бағдаршамдардың, жол белгілерінің, жарықтың болмауы да өз әсерін тигізген.

Елорда жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша өткен отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға нақты ұсыныстар беріліп, жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдыналу жөніндегі шаралар кешені әзірленген.