2025 жылы Қазақстанда кімдердің айлығы өседі

Аян Өрібай

Келесі жылы кімдердің айлығы өсетінін Үкіметте премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

- Ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы да 18%-ке ұлғайтылды, 2025 жылғы қаңтардан бастап тағы да 17%-ке өсетін болады, – дейді Байбазаров.

Оның сөзінше, Үкімет инвестицияларды ынталандыру және экономиканы әртараптандыру жөніндегі белгіленген жоспарларды іске асыруды жалғастырады. Мұнай-газ химиясы, машина жасау, металлургия және агроөнеркәсіптік кешенде жоғары қайта бөлудің 17 ірі жобасын іске асыру басталған.

- Экономикаға үлкен инвестициялар құйылуда. Биыл тек Мемлекет басшысының ауқымды бастамаларын іске асыру шеңберінде экономиканы қаржыландыру 2 трлн теңгеден асты, – дейді ол.

ДОЛЛАРДЫҢ ҚЫМБАТТАУЫ

28 қарашада доллар 525 теңгеге сатыла бастады. 18 қарашада Қазақстанның айырбастаушыларындағы доллар бағасы 500 теңгеден, ал 26 қарашада 503 теңгеден асқан еді.

Ұлттық банк осыған байланысты интервенция жүргізді.

Артынша Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.