«Бозащы мұнай» компаниясы бірнеше айға созылған өрт үшін мемлекетке келеген 2 млрд теңге көлеміндегі экономикалық шығынды өтейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Маңғыстау облыстық прокуратурасы мәлімдеді.
“Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокурорлары жер қойнауын пайдаланушы – «БузачиНефть» ЖШС газды жағу салдарынан мемлекетке келтірілген 2,2 миллиард теңге көлеміндегі экономикалық залалды өтеуіне шаралар қабылдады”, деп жазды Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Еске сала кетсек, 2023 жылы маусым айының басында «Қаратұрын Оңтүстік» кен орнында ұңғыма бұрғылау кезінде газ-су қоспасы атқылап, одан әрі өртке ұласқан. Бұл апатты жоюға алты айға жуық уақыт кетті.
Төлем сомасы Энергетика министрлігі және жер қойнауын пайдаланушы арасындағы келісілген күндері бөліп төлеу арқылы жүзеге асырылады.
Былтыр 17 желтоқсан күні мемлекет кірісіне 270 млн теңге сомасына алғашқы төлем түсті.
Бұдан басқа, бұған дейін табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау актісі бойынша орын алған апатқа байланысты экологиялық нормаларды бұзғаны үшін «БузачиНефть» ЖШС-не 362 млн теңге айыппұл салынып, ол толық төленді.
АПАТ ХРОНОЛОГИЯСЫ
Маңғыстау облысында кен орнындағы өрт төрт күннен бері ауыздықталмай отырғанын жазғанбыз.
Содан кейін 18 күн бойы өртеніп жатқан кен орнының былықтары ашылды.
Өрттің тұтанғанына бір ай өткеннен кейін Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Мұханов "Қаратұрын" кен орнындағы өртті сөндіру кезінде газдың жарылу қаупі туындауы мүмкін екенін мәлімдеді.
Бұған дейін кен орнындағы өрт экологияға қандай зиян келтіргені жайлы жазғанбыз.
ТЖМ «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнындағы жағдайды түсіндірді.