Сонда қалай айдаған - Астанада куәлігі жоқ жүргізуші автобус айдап келген

Ілияс Бақыт

Тексеру барысында жүргізуші куәлігі жоқ автобус жүргізушісі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Астанада Қабанбай батыр даңғылында өткен рейд барысында полиция қызметкерлері Hyundai Country автобусын тексеру үшін тоқтатқан. Нәтижесінде, қоғамдық көлік жүргізушісінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені анықталады. 34 жастағы қала тұрғынына бұрын автокөлік басқаруға тыйым салынған болып шықты.

Осыған байланысты ол автобусты тиісті құқығынсыз басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, іс материалдары сотқа жіберілген.

10 КҮНГЕ ҚАМАЛДЫ

Астана сотының шешіміне сәйкес жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Жүргізуші басқарған көлік мамандандырылған тұраққа жіберілді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Бірнеше күн бұрын Астанадағы автобус апатынан екі адам зардап шеккен еді. 

Қалалық полциия департаменті алдын ала мәліметтер бойынша, автобус Ұлы Дала даңғылы бойымен қозғалып келе жатып, жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан.