Астанада 34 жастағы ер адам адам тұтынуына жарамсыз ет сатқандығы үшін ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Полицияның мәліметінше, ұсталған азамат жасырын жағдайда өлі қойлардың етін өңдеп, саудаға шығарған. Қазіргі уақытта сараптама жүргізілуде.
Кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдары "Евразия-1" сауда орталығында және "Күйгенжар" бекетінде ет өнімдерін тиісті құжаттарсыз заңсыз тасымалдаудың үш жағдайын анықтады.
БҰҒАН ДЕЙІН
Түркістанда ауызашар уақытында суши мен пиццаға тапсырып беріп жеген 55 адам уланып қалғанын жазған едік.
ТҰРҒЫНДАР НЕ ДЕЙДІ
— Иә, суши алдырып жеген. Сағат 11-де «бәріміз құстық» деді. Содан сағат 11 жарымда жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Төрт-бес адам болған. Екі қыз бар, мектеп оқушысы. Қызымның жағдайы қазір жақсарды, жүкті еді. Бірінші жүктілігі, дейді тұрғын Шахноза Нарзуллаева.
Суши, пица және чикен дайындайтын дәмхана түркістандықтар арасында аса танымал. Ауызашарға осы жерден фастфуд алдырып жүргендердің жүрегі айныған. Ауруханаға жеткізілген 55 адамның 12-сі кәмелетке толмаған бала. Арасында жүкті келіншек те бар.