Threads-та тараған ақпаратқа сүйенсек, оңтүстіккореялық танымал актриса Bae Suzy Қазақстанға, нақтырақ айтқанда Ақтауға келген болуы мүмкін. Әлеуметтік желіде әуежайдан түсірілген видео кең тарап, жанкүйерлер кадрдағы адамның дәл Сюзи екенін жазуда, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Инсайдерлердің мәліметінше, Маңғыстау облысында қазірдің өзінде кореялық түсірілім тобы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ Қазақстанға Ji Chang Wook пен Lee Soo Hyuk те келуі мүмкін деген болжам бар.
- Бозжыра шөлі мен Каспийді жақын арада бүкіл әлем көретін секілді, - деп жазып жатыр желі қолданушылары.
Bae Suzy кім?
Bae Suzy — Оңтүстік Кореядағы ең танымал K-drama жұлдыздарының бірі. Ол Miss A тобындағы дебютінен кейін кеңінен танылып, кейін актриса ретінде үлкен табысқа жетті. Сюзи «Start-Up», «Vagabond», «Anna» және «While You Were Sleeping» дорамаларындағы рөлдерімен белгілі. Кореяда оны «ұлттың алғашқы махаббаты» деп атайды.