Еңбек министрі жалақысы қанша екенін айтты

Ulysmedia
Фото: gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев жалақысы қанша екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің айтуныша, жалақысы 1,2 млн теңге көлемінде.

“Төрт балам бар. Екеуі есейді, өз күндерін өздері көреді, бөлек тұрады. Қазір жұбайым үш жасар баламның күтімімен отыр, жұмыс істемейді. Жалақым 1,2 млн теңге. Несиеміз де бар”, – деді министр. 

Айта кетейік, бұған дейін Асқарбек Ертаев зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектері алдағы 10 күн ішінде жарияланатынын мәлімдеген еді.