Орталық Азия және Әзербайжан көшбасшылары Шолпон-Атада бас қоспақ

Ulysmedia
Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі

Қырғызстанда Орталық Азия елдері мен Әзербайжан басшыларының бейресми кездесуі өтеді. Жиын 31 шілде мен 1 тамыз аралығында Чолпон-Ата қаласында ұйымдастырылады. Кездесуге Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қасым-Жомарт Тоқаевтан бөлек, кездесуге Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қатысады.

Мемлекет басшылары сауда, энергетика және туризм салаларындағы ынтымақтастықты талқылайды. Сонымен қатар көлік дәліздері мен аймақ елдері арасындағы байланыстарды дамыту мәселелері қаралады. Күн тәртібінде өңірлік қауіпсіздік және халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық та бар.

КОНТЕКСТ

Өткен жылдың желтоқсан айында Санкт-Петербургте ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуі өткен болатын. Сол жиында Владимир Путин, Александр Лукашенко, Садыр Жапаров, Эмомали Рахмон және Шавкат Мирзиеев бір үстел басына жиналған. Олар Достастық аясындағы өзара ынтымақтастықтың келешегі мен оны дамытудың негізгі бағыттарын талқылаған.