Алматылықтар «Көктөбеге» көлікпен кіру ақысының күрт қымбаттап кеткеніне шағымданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Желіде Көктөбенің жоғарғы станциясына дейін көлікпен жүру бағасына шағымданған әйелдің видеосы тарады.
«Бұл масқара, ұят жағдай. Мына жерден өткенде кішкентай әріппен жазылған жазу тұр, ол дұрыс көрінбейді. Қараңыздар, 7 мың және 200 теңге айырмашылық бар (Омаров, 41 мекенжайындағы паркингке кіру – ред.). Егер айырмашылығы 10 есе, құны 2000 теңге болса түсінер едім. Бірақ, бұл 7 мың теңгеге не істейсіздер? Күніне бұл жерден кем дегенде 200 көлік өтеді. Бұл ақшаны не істейсіздер сонда?» деп шағымданды Алматы тұрғыны.
«Көктөбе» әкімшілігінің хабарлауынша, паркингке кіру құны 1 мамырдан бастап өскен.
«Бұрын құны 5 мың теңге болған, қазір 7 мың теңгеге өсті. Сондай-ақ, прайсқа сәйкес паркингке (төменгі станция) кіру құны - 500 теңге, парк аумағына мопед немесе мотоциклмен кіру құны – 1500 теңге, микроавтобуспен кіру – 15-25 мың теңге арасында» делінген хабарламада.