Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қазақстандық автокөлік жүргізушілерінің АИ-95 және АИ-98 бензинін құйғаннан кейін көліктерінде ақау пайда болғаны туралы жаппай шағымданып жатқанынан ведомство хабардар екенін айтты. Оның сөзінше, қазір жанармай сапасына қатысты мәселе зерттеліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.