Екі күннен бері менің телефоныма тыным жоқ, көмек сұрап хабарласып, хат жазатындардың қарасы көбейді. Себебі Ulysmedia.kz Украинада қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялаған болатын. Тізім украиналық телеграм арнада пайда болды. Ол жерде Қазақстанның 270 азаматы бар.