Ұстаным

Әлем көшбасшылары Нью-Йоркте: БҰҰ Бас ассамблеясының 81-сессиясынан не күтеміз?
22.09 10:45 Ұстаным
Қыркүйекте Нью-Йоркте қызу тіршілік: мұнда әлем тағдырына ықпал ететін тұлғалардың басын қосылады.  Қала қызу пікірталастардың орталығына айналады. БҰҰ Бас ассамблеясы қашанда әлем назарын өзіне аударып келген. Бұл жолы да жоғары деңгейлі жиынның айналасында интрига көп болатын сияқты. Бас ассамблеяға Иран президенті Масуд Пезешкианның қатысатыны қазірдің өзінде түрлі пікір туғызды. АҚШ-пен соғыс жағдайына қарамастан, оған Нью-Йоркке келуге рұқсат берілді. Ал Палестина басшысы Махмұд Аббасқа виза беруден бас тартылды. Трамп Иран президентімен кездесуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. 22 қыркүйекте БҰҰ мінберінде әлем көшбасшылары сөз алады. Жиынға дейін болып жатқан оқиғаларға қарағанда, ең маңызды келіссөздер мінберде емес, жабық есік жағдайында өтуі мүмкін.