Ұстаным

Маржықпаев спорт үшін жауап бермейді, бірақ премьер-министрге кеңес береді
26.09 08:20 Ұстаным
Бұрынғы Спорт және туризм министрінің төңірегінде айтылар әңгіме таусылды ма, таусылмады ма, белгісіз. Жанкүйерлер Париж Олимпиадасындағы сәтсіздіктің алдын ала алмаған экс-министрді жерден алып, жерге салған. Ақпарат айдынындағы бірнеше аптадан бергі тыныштық спортшылардың да, жанкүйерлердің де және Олимпиада медальдарына емес, оған кеткен қыруар қаржыны білгісі келгендердің де тағатын тауысты. 31 тамызда Ермек Маржықбаев министрлік тұғырынан түсірілгенде спорт басшылығында істегеніне бір жыл да толмған шенеуніктің ойда жоқта жұмыстан босатылуына Париж Олимпиадасы себеп болғаны белгілі еді. Ал өзіне артылған сенімді ақтамағаны үшін ҰОК төрағасының орынбасары қызметінен босатылғанда халықтың бұған тіпті де көзі жетті.