Ұлыстың алаңында еліміздегі Польша Республикасы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі Михал Лабенда мырза. Полониялық дипломатпен еларалық байланыс, өңірдің геосаяси үдерісі мен тіл саясаты, Еуроодаққа кіру тәртібі хақында сөйлестік. Оның ішінде Украина мен Ресей арасындағы соғыс, Путиннің саяси әлсіреуін, Сириядағы диктатураның құлауы, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен ЕуроОдақ бағытындағы жұмыстарды да сөз еттік. Атап өтсек, Польша Республикасы 2025 жылдың бірінші жарты жылдығында ЕуроОдақта төрағалық етеді.