Жаңалықтар

«Ұлтына қарап шеттетуге болмайды»: моңғолиялық журналист қазақтарға көрсетілген қысым жайлы
23.09 18:00 Жаңалықтар
Жуырда Моңғолияда тұратын бір топ этникалық қазақ әлеуметтік желі арқылы Қазақстан халқына үндеу жасап, қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуына алаңдайтынын мәлімдеген. Олар соңғы уақытта кейбір азаматтардың қысым мен әділетсіздікке тап болғанын, сондай-ақ әлеуметтік желіде қазақтарға қатысты жағымсыз әрі кемсітушілік сипаттағы жазбалар көбейгенін айтқан. Ulysmedia.kz тілшісі осы жағдайға қатысты моңғолиялық журналист, Graph.mn сайтының тілшісі Б. Энхтулганың пікірін сұрады. Оның айтуынша, қазақтарға қысым көрсетуге қатысты жекелеген жағдайлар болғанымен, мұны ұлттар арасындағы жалпы қайшылық ретінде қарастыруға болмайды.