Жаңалықтар

«Әжетханаға бармай, үйге дейін шыдайды»: Қаскелеңде оқушылар адам төзгісіз жағдайда оқып жүр
22.09 20:00 Жаңалықтар
Қаскелеңдегі Пушкин атындағы орта мектептің мүшкіл жағдайы туралы видео тарағаннан кейін Ulysmedia.kz тілшісі оқушылардың қандай жағдайда білім алып жатқанын өз көзімен көру үшін білім ордасына барды. Сырт көзге оқу орны штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Алайда ішке кіргенде қабырғалардағы жарықтар, әжетханалардағы көгерген іздер, сынған плитка, ескі еден мен құбырлар, тозған парталар мен орындықтар көзге түседі. Әсіресе, санитарлық бөлмелердің жағдайы алаңдатады, ата-аналардың айтуынша, оқушылар қирап жатқан әжетханаға кіргісі келмейді, кіші дәретін қысып сабақ біткен соң бірден үйлеріне асығады екен.