Мәжіліс тыңдалымында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға енгізілетін түзетулерді баяндады. Құжатта «медициналық туризм», «трансляциялық медицина», «жалған медициналық бұйымдар», «ресми дистрибьюторлар тізілімі» сияқты жаңа ұғымдар енгізу ұсынылған. Сондай-ақ биомедициналық зерттеулер жүргізу тәртібі мен клиникалық орталықтардың ұлттық тізілімін құру қарастырылған. Дәрігерлерді даярлаудың жаңа моделі енгізіліп, интернатура кезеңінде тәлімгерлік пен өңірлік бағдарлау жүйесі іске асырылмақ. Сонымен қатар ұлттық оператордың өкілеттігі нақтыланып, медициналық инфрақұрылымды дамыту мен жоспарлау бағыттары айқындалады. Тыңдалым барысында вице-министр депутаттардан сөз естіп, ескерту алды. Ulysmedia.kz тілшісінің арнайы материалы.