VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытынды медальдар есебінде Қазақстан мен жарысты ұйымдастырушылардың деректері сәйкес келмей қалды. Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі ұлттық құраманы жеңімпаз деп жарияласа, жарыстың ұйымдастыру комитеті Қырғызстанды бірінші орынға қойған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.