Олжас Бектенов бастаған Үкімет Қазақстан экономикасын тұрақтандыру үшін шұғыл шаралар қабылдады. Алайда қабылданған шешім экономиканың жыртығын жамауға жарағанмен, қырық жамау шапанмен алысқа бара алмасың анық. Сондықтан ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін дейтін іс керек. Қабылданған шешімге неге көңіл толмайды? Елімізде неге инфляция әлем елдері арасында шарықтап кеткенін (әлем түгілі, ТМД арасында да ең жоғары инфляция Қазақстанда) және Үкімет ұсынып отырған антикризистік шаралардың неге тиімділігі төмен болып отырғанын ешкім түсіндіріп бере алмайды. Жағдайды Ulysmedia.kz редакциясы бағамдап көрді.