16 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады. Бірнеше өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде жел күшейеді. Елдің батысында тұман түсуі мүмкін. Сонымен қатар көптеген облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.