Қазақстан билігі атом электр станциясын салу үшін вендер-компанияны таңдағалы отырғаны белгілі. Алып станцияны салуы мүмкін компаниялардың ішінде ресейлік Росатом да бар. Көрші елге санкцияның түр-түрін салып отырған Еуродақ Қазақстанда АЭС-ті Росатомның салу ықтималдығына қалай қарайды? Ulysmedia.kz тілшісі бұл сұрақты бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында Еуропа одағының санкция бойынша арнаулы өкілі Дэвид О'Салливанға қойды.