Кісі өлтіру қылмысы Адам пайғамбардың Абыл-Қабыл ұлдарының заманынан бері жалғасып келе жатқан адамзаттың қасіретті тағдыры. 2023 жылдың қарашасында болған осындай қайғылы оқиға Қазақстан қоғамын дүр сілкіндірді. Салтанат Нүкенованың өлімі бұқараны неге дүрліктірді? Халық кімге шүйлікті? Бұл туралы Ulysmedia.kz алаңында Астана қаласы прокуратурасының аға прокуроры Саяхат Нұрбековпен болған сұхбатта айтылды.