Сараптама

Мектеп асханасына бөлінген миллиондар: балаларды кім және қалай тамақтандырады
22.10 12:15 Сараптама
Қазақстанда мектеп оқушыларын тамақтандыруға бюджеттен ондаған, тіпті жүздеген миллион теңге бөлінеді. Кейбір компаниялар мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңіске жетсе, кейбірімен тікелей шарт жасалады. Алайда тексерушілер санитарлық талаптардың бұзылғанын жиі анықтайды. Балалар да ішек инфекциясымен ауруханаға түсіп жатады. Ulysmedia.kz Денсаулық сақтау министрлігі мен прокуратураның деректерін, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу порталындағы келісімшарттарды зерттеп, мектептегі ас қанша тұратынын, жеткізушілердің қалай таңдалатынын және балаларға берілетін тағамның қауіпсіздігіне кім жауапты екенін анықтап көрді.