Сұлтан Насымбаев бала кезінде футболшы болуды армандаған және кәсіби спортты бағындыру үшін АҚШ-қа аттанған. Алайда оның америкалық арманы мүлде басқа бағыт алды – бүгінде ол JP Morgan компаниясында инвестициялық банкир болып жұмыс істейді. Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұқбатында Сұлтан спорттық арманның күйреуін қалай еңсергенін, «Уолл-стриттегі қасқырлар» әлеміне қалай келгенін және не себепті оның түсінігіндегі патриотизм – география емес, үлес қосу екенін айтып берді.